Там 03, 2023 21:24 Asia/Almaty
  • Исмаил Хания Хасан Насролладан Айн Халва қосынындағы қақтығысты тоқтатуға көмектесуді сұрады

Хамас исламдық қарсыласу қозғалысының саяси кеңсесінің басшысы Исмаил Хания Ливан Хизбулласының бас хатшысы Хасан Насроллаға жазған хатында одан Айн Халва қосынындағы қақтығысты тоқтатуға көмектесуді сұрады.

Айн Халва қосынында қатыгез әрі қарулы қақтығыстар сенбі күні басталды.

Айн Халва – Ливанның оңтүстігіндегі Сайда ауданында орналасқан палестиналық босқындарға арналған қосын.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Исмаил Хания осы хатта Хамастың Айн Халва қосынында қауіпсіздік пен тұрақтылық орнатуды қалайтынын айтып: "Бұл қосын Палестинаға қайтып оралу сахнасы болады. Палестиналық топтардың қару-жарақтары сионистік режимге қарсы бағытталуы керек",-деді.

Сәрсенбі күні Ливанның оңтүстігіндегі Айн Халва қосынында болған қақтығыстарда 4 адам жараланды.  

Тегтер