Қыр 08, 2023 14:32 Asia/Almaty
  • Арбағин рәсімі сәтті өтті

Ирактың Ішкі істер министрі Арбағин рәсімінің ешбір заң бұзушылықсыз сәтті өткенін хабарлады.

Ирактың ресми ақпарат агенттігінің хабарлауынша, осы елдің Ішкі істер министрі Әли әш-Шемри Кербала облысында Арбағин рәсімінен кейін өткен баспасөз конференциясында: "Биыл Арбағин рәсімін ұйымдастыру жұмыстары ертерек, яғни екі ай бұрын басталды. Бұл бағдарламаға дейін Кербаланың айналасындағы облыстарда, яғни зияратшылар өтетін облыстарда қауіпсіздік шаралары жүзеге асырылды",-деді.

Әли әш-Шемри: "Бұл жоба Ирактың Қорғаныс министрлігі және Ішкі істер министрлігіне қарасты әскери бөлімшелер, әл-Хашд әш-Шааби бөлімшелерінің қатысуымен және қауіпсіздік күштері мен барлау қызметінің әріптестігімен жүзеге асырылды. Бұл органдардың барлығы Арбағин зияратшыларының қауіпсіздігін қамтамасыз етті",-деді.

Әли әш-Шемри: "Биыл Арбағин рәсімін өткізу барысында зияратшылардың қауіпсіздігіне қатер төндіретін ешқандай заң бұзушылық болған жоқ",-деді.

Тегтер