Қыр 08, 2023 17:03 Asia/Almaty
  • Иранның Денсаулық сақтау министрі Ирак үкіметі мен медицина қызметкерлеріне Арбағин кезіндегі қызмет үшін алғыс айтты

Иранның Денсаулық сақтау министрі Ирактың Денсаулық сақтау министрі мен медицина қызметкерлеріне Арбағин зияратшыларына қызмет көрсетіп, әріптестік жасағаны үшін алғыс айтты.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иракқа сапар шеккен Бахрам Ейнуллахи Ирактың Денсаулық сақтау министрі мен медицина қызметкерлеріне Арбағин зияратшыларына қызмет көрсетіп, әріптестік жасағаны үшін алғыс айтты.

Иранның Денсаулық сақтау министрі сондай-ақ Ирактың денсаулық сақтау және емдеу саласы басшыларымен кездесуінен кейін тараптардың екі ел арасында ұстаздар және студенттермен алмасу және дәрі-дәрмек беріп, емдеу саласында келісімге келгенін хабарлады. 

Тегтер