Қыр 10, 2023 17:24 Asia/Almaty
  • Иран Президенті Ирак Премьер-министріне ирактықтардың қонақжайлылығы үшін алғыс айтты

Иран Президенті сенбі күні Ирак Премьер-министрімен телефон арқылы сұхбатында осы елдің үкіметі мен халқының Арбағин зияратшыларына қонақжайлылық көрсеткені үшін алғыс айтты.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ибрахим Раиси сенбі күні Ирак Премьер-министрі Мұхаммед Шиа әс-Суданимен телефон арқылы сұхбатында Ирактың барлық салалардағы талпыныстарына алғыс айтып, мұны Ирактағы тұрақтылықтың тағы бір белгісі деп атады.

Ирак Премьер-министрі де телефон арқылы сұхбатында: "Жыл сайын Арбағин зияратшыларына қонақжайлылық көрсету және оларды күтіп-бағу ирактықтардың Әһл-е бейттің биік құндылықтарына берік екенін көрсетеді",-деді.  

Биыл Арбағин зияратына 25 млн адам барды.   

Тегтер