Қаз 26, 2023 21:44 Asia/Almaty
  • Газада шәһид болған тілшілер саны 23 адамға жетті

Сионистік режимнің Газа қаласын бомбалауынан кейін тілшілердің шәһидтерінің саны 23 адамға жетті.

 

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, палестиналық журналист әйел Доа Шарафтың үйі сәрсенбі күні кешке Газа секторының орталығындағы әл-Завида аймағында сионистердің нысанасына түсіп, ол шәһид болды. Жергілікті дереккөздердің хабарлауынша, бұл жарылыс кезінде осы тілшінің отбасының кейбір мүшелері де шәһид болған.

Сәрсенбі күні «Әл-Жазираның» танымал тілшісі Ваэль Аль-Дахдух Газа секторынан тікелей эфирде репортаж жүргізіп жатқанда, үйінің бомбаланғаны және соның салдарынан әйелі, ұлы мен қызы шәһид болғандары туралы хабар алды.

Палестина және араб ақпарат құралдары да өткен дүйсенбі күні сионистік күштердің Газадағы шейх Ризван төңірегіне жасаған шабуылында «Әр-Расалех» медиа институтының тілшісі Мұхаммад Эмад Лабадтың шәһид болғанын хабарлады.

 

 

 

 

 

 

 

Тегтер