Жел 05, 2023 19:19 Asia/Almaty
  • Газа секторында  палестиналық қарсыласу мен сионистік әскерилер арасындағы құрлық шайқасы орын алуда

Газа секторының соңғы жаңалықтары палестиналық қарсыласу күштері мен сионистік әскерилер арасында қарқынды құрлық қақтығыстарының орын алуы туралы баяндайды.

 

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, қазіргі уақытта Газа секторының әртүрлі аймағында, соның ішінде осы аймақтың оңтүстігіндегі Хан Юнис қаласының солтүстігі мен шығысында палестиналық қарсыласу жауынгерлері мен сионистік әскерилер арасында кескілескен қақтығыстар жүріп жатыр.

"Сарая әл-Құдс" мәлімдемесінде палестиналық жауынгерлердің Хан Юнис қаласының солтүстік және шығыс бағыттарында сионистік басқыншылармен қақтығысқанын хабарлады. Осы мәлімдемеге сәйкес, палестиналық жауынгерлер Бейт-Лахия, Әл-Фалужа және Джабалия минометтер мен РПҚ атқылау арқылы сионистік режимнің үш танкісі, бір адам тасымалдаушысы және әскери жойып жіберді. "Сарая әл-Құдс" бұл мәлімдемеде Палестина күштерінің Джахралдик аймағындағы сионистік әскери техника жиналатын жерді «Бадр 1» зымырандарымен нысанаға алғанын баса айтты.

Al-Mayadeen тілшісі де Дейр әл-Балахтың оңтүстігіндегі Салах ад-Дин көшесіндегі Әл-Мотахан қиылысына жақын жерде қатты қақтығыстар жүріп жатқанын хабарлады.

Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлары да Газа секторының солтүстігіндегі Камал Адван ауруханасы төңірегінде қарсыласу күштері мен сионистік басқыншы күштер арасында ауыр қақтығыстардың орын алғанын көрсетеді.

Палестина қарсыласуы бүгін таңертең Газа секторының айналасындағы сионистік Беер-Шеба қаласын зымыранмен нысанаға алды және осыдан кейін осы қалада дабыл қағылды.

Палестина Денсаулық сақтау министрлігінің соңғы статистикасы бойынша әл-Ақса дауылы шайқасы басталғаннан бері (7 қазан) Газадағы палестиналық шәһидтер саны 15 899-ға жетіп, жараланғандар саны 42 мыңға жетті.

 

Тегтер