Жел 11, 2023 22:11 Asia/Almaty
  • Сионистік режимнің армиясы Газада тағы 4 сарбазының қаза тапқанын мойындады

Сионистік режимнің армиясы Газаға құрлықтан жасалған шабуылда тағы 4 әскери қызметкер, соның ішінде резервтен шақырылған екі офицердің қаза тапқанын мойындады.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, сионистік ақпарат құралдары 11 желтоқсанда Газаға құрлықтан жасалған шабуылда бірқатар израильдік әскеридің қаза тапқанын және жараланғанын растады.

Израиль армиясы Газа соғысы басталғалы бері 1593 сарбаз жараланғанын жарияласа да, сионистік режимнің ауруханалары бұдан көбірек статистика беріп отыр.

Тель-Авив үкіметі өз армиясының адам шығынының шынайы статистикасын жасыруға тырысқанымен, Израильдің Ynet сайты екі күн бұрын: "Израильде жараланған сарбаздар саны 5000-ға жетті. Олардың 2000-нан астамы мүгедек болып қалды",-деп әшкереледі.

Тегтер