Қаң 02, 2024 20:59 Asia/Almaty
  • Сионистік режимнің соңғы төрт күндегі шығыны

ХАМАСтың әскери бөлімшесі әл-Қассам батальондарының баспаөз хатшысы дүйсенбі күні кешке осы топ жауынгерлерінің соңғы төрт күнде сионистік режимнің 71 әскери көлігін жойып, 16 израильдік әскериді өлтіргенін хабарлады.

 

 

ИРНА-ның хабарлауы бойынша, Әбу Обейда осы операцияда басқа да ондаған сионистік сарбаздың жараланғанын мәлімдеп, осы қарсыласу тобының күштері 42 әскери операцияны орындағанын және Тель-Авив армиясының ондаған сарбазы осы операцияда қаза тапқанын айтты.  

Әл-Қассам батальондарының баспасөз хатшысы: «Біз сионистік күштерді минометтермен, бекіністерге қарсы және жаяу әскерге қарсы қарумен нысанаға алып отырмыз және біз оларды нөлдік қашықтықтан соғыстырдық. Біз екі барлау ұшағын атып түсіріп, тағы бір ұшқышсыз ұшақты өз бақылауымызға алып, басқара алдық. Жаудың штабы мен далалық командалық пункттер мен әскери жиындарды минометпен, зымыранмен талқандадық. Біздің жауынгерлер Тель-Авив қаласын да М90 зымырандарымен бомбалады",- деді.

 

Тегтер