Қаң 13, 2024 16:36 Asia/Almaty
  • Израиль БАҚ: Хамас Газадағы жеңісін тойлауға дайындалуда

Американың барлауы мен әскери көмегіне қарамастан «Газада Хамасты жою мақсатына қол жеткізу мүмкін емес» екенін мойындаған Израиль ақпарат құралдары Беньямин Нетаньяхудан жеңілгенін мойындаудың азырақ зиян келтіретін жолын табуын сұрады.

 

Израильдік жазушы Нахум Барани «Yediot Ahronot» газетіндегі «Жеңіліспен  өмір сүру» атты мақаласында: "Израиль тарапы 100 күнге созылған соғыстың шектеулі жетістіктеріне қанағаттануы керек",- деп жазды. Израильдік БАҚ осы күндері Тель-Авивтің Газадағы сәтсіздікті мойындауы және одан да көп шығындардың алдын алу қажеттілігі туралы  көбірек жазуда. Сондай-ақ, Нетаньяхудың қазіргі міндеті - қандай да бір жолмен «өзі жасаған жауапсыз үміттер мен бүгін қабылдауы керек қиын шешімдер арасындағы алшақтықты жою» деп айтуда.

 

Тегтер