Қаң 23, 2024 19:46 Asia/Almaty
  •  Ирактың қарсыласу күштері Сириядағы АҚШ базасы мен Ашдод портына шабуыл жасады

Ирак исламдық қарсыласу ұйымы мәлімдеме жасап, Дейр-эз-Зордағы Конико газ кенішіндегі америкалық басқыншылар орналасқан жерді  үшінші рет нысанаға алғанын айтты.

 

Сонымен қатар, Ирактың «Sabrin News» ақпарат құралдары басып алынған Палестинада орналасқан Ашдод портындағы сионистердің позицияларына жасалған шабуылды жариялады.

Бірнеше минуттан кейін Ирактың исламдық қарсыласуы басып алынған Ашдод портында сионистерге шабуыл жасау үшін ұшқышсыз ұшақтың ұшырылған сәті туралы мәлімдеме мен бейнежазба жариялап, бұл шабуыл үшін жауапкершілікті өз мойнына алды. Бұл мәлімдемеде Ирактың қарсыласуы сионистік позицияларға және Америкаға Газа секторының халқын геноцидке және сонымен қатар аймақтағы Америка басқыншылығына қолдау көрсетуде бірінші дәрежелі қолдаушы ретінде шабуылдар жасағанын баса айтты.

 

Тегтер