Қаң 30, 2024 19:43 Asia/Almaty

ИИР Президентінің Ауғанстан істері бойынша арнайы өкілі әрі елшісі: "Ауғанстанда басқыншылық кезеңінен кейінгі бірінші рөлді көрші елдер мен аймақ атқарады",- деді.

 

 

Хасан Каземи Құми Кабулдағы аймақтық байланыс тобының отырысының соңында Иранның бастамасымен өткен осы кездесудің маңыздылығы мен  жолдауы туралы "Иранпресс" ақпарат агенттігінің сұрағына: "Кабул кездесуіне көршілес және аймақтық елдер өкілдерінің қатысуы бұл елдердің Ауғанстан халқына көмектесуге және осы елдің проблемаларын шешуге бел буғанын көрсетеді. Ауғанстан мен көршілес елдер арасындағы географиялық және мәдени ұқсастықтарды және осы елдердің Ауғанстандағы оқиғаларға ықпалын ескере отырып, көрші елдер Ауғанстанның саяси, қауіпсіздік және экономикалық жағдайын жақсартуға көмектесуде маңызды рөл атқара алады",- деп жауап берді.

ИИР  Президентінің Ауғанстан істері бойынша арнайы өкілі бұл елдің және көршілес елдердің және аймақтың қауіпсіздігі мен тұрақтылығы бір-бірімен тығыз байланысты екеніне тоқталып: "Кабул кездесуінің айқын хабары көрші елдер Ауғанстанға оккупациядан кейінгі кезеңде көмектесу және осы елді құру үшін бірінші кезектегі рөлге ие",- деді.

 

Тегтер