Ақп 14, 2024 22:09 Asia/Almaty
  • Хизбулла алғаш рет сионистік режимнің Цфаттағы әскери базаларына зымыран атты

Сионистік режимнің ақпарат құралдары Цфаттағы әскери базаларға 20 зымыран атылғанын хабарлады.

Цфатпен бірге басып алынған жерлердегі басқа қалашықтар, соның ішінде  Мерон мен әл-Джалил де зымырандық шабуылға ұшырады.

Сионистік режим ақпарат құралдарының хабарлауынша, "темір күмбез" атылған зымырандарды анықтай алмады. Цфатқа шабуылдарда бір сионист қаза тауып, 5 адам жараланды. Әл-Джалилде 4 адам жараланды.

Сионистік режимнің 14-ші арнасы Хизбулланың Цфаттағы әскери базаларға зымырандық шабуылын "әл-Ақса дауылы" операциясы басталғалы бері қос тараптың қақтығыстары барысындағы ең қауіпті оқиға деп атап: "Бұл шабуылда Хизбулла қашықтан басқарылатын әрі ұзақ қашықтыққа арналған зымырандарды пайдаланды. Бұл бұрынғыдан мүлде басқа. Бүгін таңертең "темір күмбез" іске қосылмай, қатер дабылы қағылмай, екі зымыран Кирьят-Шмона қалашығына түсті",-деді.  

 

Тегтер