Сәу 29, 2024 17:42 Asia/Almaty
  • Ирандық әйелдер – Париждегі таэквондодан Олимпиада және Паралимпиадалық жарыстардың төрешілері

Ирандық таэквондо төрешісі Маржан Теимури 2024 жылғы Паралимпиада ойындарына төрелік ету үшін іріктелгеннен кейін Дүниежүзілік таэквондо федерациясы 2024 жылғы Париж Олимпиадасына төрелік ету үшін тағы бір ирандық әйел Масума Бақеридің төреші болатынын жариялады.

 

Масума Бақери  Маржан Тeимури  секілді жарыстың бұл деңгейінде алғаш рет төрелік етеді.

Париждегі Олимпиада-2024 ойындарының таэквондо жарыстары биылғы жылдың 17-20 мурдоды аралығында өтеді.

Бұған дейін Дүниежүзілік таэквондо федерациясы 2024 жылы Парижде өтетін Паралимпиада ойындарына төрелік ету үшін 30 төрешіні таңдаған болатын және осы маңызды шараға шақырылған төрешілер арасында ирандық таэквондоның халықаралық төрешісі  Маржан Теимуридің есімін көруге болады. Тимури бұған дейін әлем, Азия және Гран-при чемпионаттарында төрелік еткен, ал өткен жылдың ақпан айында Дүниежүзілік федерацияның шақыруы бойынша Паралимпиадалық іріктеу жиынына қатысып, ақыры Паралимпиада ойындарына төрешілердің  қорытынды тізіміне енді.

Олимпиадалық жарыстардан кейін 8-10 шаһривар аралығында Париж-2024 Паралимпиада ойындарында таэквондодан жарыстар өтеді.

 

  

 

Тегтер