Ақп 17, 2024 20:41 Asia/Almaty
  • Газа секторында шәһид болған журналистер саны 130  адамға жетті

Газа секторында Израиль геноцид режимінің бомбалауында тағы төрт журналистің шәһид болуымен журналист шәһидтер саны 130-ға жетті.

 

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Вашингтондағы «Бостандық форумы» қорының есебіне сәйкес,  қазіргі заманның ең қанды соғысы атанған Екінші Дүниежүзілік соғыстың алты жылында (1939-1945) бар болғаны 69 журналист қаза тапқан. Бұл қауымдастықтың есебіне сәйкес, Вьетнам мен Америка арасындағы 20 жылға созылған соғыста 63 журналист қаза тапқан. Халықаралық гуманитарлық заңдарға сәйкес, бұл соғыс қылмысы болып саналады және журналистерге өз жұмысын және хабарлауын еркін және кедергісіз орындауға мүмкіндік беру керек.

Келесі  жаңалық: Палестина ақпарат құралдары сенбі күні сионистік режимнің бомбалауы салдарынан Газа қаласында 10-нан астам палестиналық азаматтың шәһид болғанын хабарлады.

 

 

Тегтер