Ақп 26, 2024 19:33 Asia/Almaty
  • Хизбулла: Сионистік режимнің бүгін Ливанның Баалбек қаласына жасаған шабуылына кесімді жауап береміз

Ливан Парламентіндегі Хизбулла өкілі Хасан Фазулла: "Қарсыласу күштері Ливанға басқыншылықтың кез келген түрімен кесімді түрде күреседі",-деді.

Ливан Парламентінің өкілі: "Қарсыласу күштері дұшпанды қапыда қалдырады. Бүгін сионистік режимнің мақтанышы болған дронды құлатқандай таңғалдырады",-деді.

Бүгін сионистік режим Ливанның солтүстігіндегі Баалбек қаласына жақын маңдағы бір азық-түлік қоймасы мен тұрғын үйді нысана алды. Соның салдарынан 4 адам қаза тауып, 3 адам жараланды. Бұл – сионистік режимнің "әл-Ақса дауылы" операциясы басталғалы бері Баалбекке жасаған алғашқы шабуылы.  

Тегтер