Нау 03, 2024 20:05 Asia/Almaty
  • Сионистік режимнің қырғи ұшақтары Рафахтың шығысындағы бір тұрғын үйге шабуыл жасады

Сионистік режимнің қырғи ұшақтары Рафахтың шығысындағы бір тұрғын үйге шабуыл жасады, соның салдарынан кемінде 15 адам, соның ішінде 6 бала қаза тауып, бірнеше адам жараланды.

Осы шабуылда қаза тапқандар арасында жаңа туған палестиналық егіздер де бар. Ата-анасы оларды 11 жыл күткен екен.

Сондай-ақ "әл-Наджар" ауруханасында сионистік режим қырғи ұшақтарының бомбалауынан қорқып, есеңгіреген жаралы палестиналық балалардың суреттері таралды.

Сионистердің Джебалия қаласындағы бір тұрғын үйге әуеден жасаған шабуылында 10 палестиналық қаза тапты. Олардың көбі – бір жанұя мүшелері.  

Газаның түрлі аудандарын бомбалаумен қоса, сионистік әскерилер Хан-Юнестегі әл-Қарара мен Хамд аудандарында бірнеше палестиналықты оққа ұшырды. Сионистік режим армиясы Дейр ул-Балхта әл-Бұхари мешітін қиратты. 

Тегтер