Нау 06, 2024 17:35 Asia/Almaty
  • Йемен армиясы американдық 2 эсминецті нысанаға алды

Йемен ұлттық армиясының баспасөз өкілі сейсенбі күні түнде 2 американдық эсминецтің Қызыл теңізде нысанаға алынғанын хабарлады.

 

ИРНА-ның хабарлауы бойынша, Яхья Сари: "Біздің жалынды әскеріміз Палестина халқының езгісін қолдап, АҚШ пен Англияның Йемендегі басқыншылығына жауап ретінде Қызыл теңізде екі америкалық эсминецті нысанаға алды",- деп мәлімдеме жасады. Ол бұл операцияда теңіз зымырандары мен ұшқышсыз ұшақтардың қолданылғанын айтты. Яхья Сари: "Газадағы соғыс тоқтап, бұл жолақтағы блокада жойылмайынша біз операцияларымызды жалғастырамыз",- деп қайталады.

Тағы бір жаңалық, Ирактың исламдық қарсыласуы сәрсенбі күні таңертең басып алынған Палестинадағы Хайфа қаласының әуежайының электр станциясын нысанаға алғанын жариялады. Айтулар бойынша, бұл электр станциясы дронмен нысанаға алынған.

 

Тегтер