Имам Хұсейннің сөзі, имам Хұсейннің ерлігі (8)
(last modified 2024-07-16T11:27:06+00:00 )
Шіл 16, 2024 17:27 Asia/Almaty
  • Имам Хұсейннің сөзі, имам Хұсейннің ерлігі (8)

Мұхаррам айының 10-шы күні: хазірет Әлиакбардың (ғ.с.) шәһид болуы

Имам Хұсейннің (ғ.с.) серіктері шәһид болып, отбасы мүшелеріне кезек келгеннен кейін, жебе, найза, қылыш алып, Ислам мен Құран жолында бірінші болып далаға шыққан имам Хұсейннің (ғ.с.) ұлы Әлиакбар болатын. Имам Хұсейн (ғ.с.) ұлымен қоштасып, оған сүйіспеншілікпен қарап, аспанға бұрылып: «Уа, Алла! Осы адамдарға қарсы Өзің куә бол. Оларға қарай мінезі де,  сөзі де Пайғамбарыңа (с.ғ.с.) көбірек ұқсайтын жас жігіт аттанды! Пайғамбардың жүзін көргіміз келген сайын оның жүзіне қарайтынбыз»,- деді.

Әлиакбар жау сапынын алдында былай деді:

«Мен Хұсейн бин Әлидің ұлы Әлимін және Қағбамен ант етемін, біз Пайғамбардың әулетіміз!

Және Аллаға ант етемін! Мұндай адам бізге билік етпеуі керек».

Содан соң ерлікпен шайқасты.

Омар бен Саадтың көптеген сарбаздары оны өлтіруден қашты, бірақ оның шайқасы мен батырлығына әбден қаныққан  Мара бен Мунқаз Әбди: «Егер бұл жас менің қасымнан өтіп кетсе және әкесінің жүрегіне қайғы түсірмесем, бүкіл арабтың кінәсі менің мойнымда!» деді. Сөйтіп, ол күтіп тұрып, қолайлы сәтте оны аттан найзамен жерге құлатты. Осы кезде Язидтің сарбаздары оны қоршап алып, қылышпен ұрып өлтірді.

Имам Хұсейн (ғ.с.) Әлиакбардың басына келгенде, жүзін оның қанға былғанған бетіне қойып: «Балам! Дүниенің ауыртпалығынан құтылдың және Ақиқаттың мәңгілік рақымына жол тарттың. Әкең сенен кейін жалғыз қалды, бірақ ол жақында саған қосылады» деді.

Мұхаррам айының 10-шы күні имам Хұсейннің (ғ.с.) перзенті хазірет Әлиакбар (ғ.с.) шәһид болды. 

 

 

 

Тегтер