Там 17, 2024 01:02 Asia/Almaty
  • Америкалық философ: Имам Хұсейннің(ғ.) Арбағин шеруінің даңқы исламофобияны жеңе алады

Америкалық философ Чарльз Талиаферро Ислам пайғамбарының немересі имам Хұсейнді(ғ.) әлемде әділет іздеушілерге шабыт беруші деп атады.

АҚШ-тың Сент Олаф колледжінің профессоры әрі Корольдік философия институтының мүшесі Чарльз Талиаферро имам Хұсейннің (ғ.) зұлымдыққа қарсы көтерілісіне тоқталып: "Имам Хұсейннің(ғ.) жанпидалығы – миллиондаған адамға батылдық пен ерліктің үлгісі, сондықтан әртүрлі дін өкілдерін шабыттандырады",-деді.

Pars Today ақпарат агенттігінің хабарлауынша, профессор Талиаферро   христиан Нельсон Мандела мен индус Махатма Ганди сияқты әділетсіздікке қарсы күрестің ұлы қаһармандарының имам Хұсейннің(ғ.) Кербала шайқасындағы таңғажайып ерлігінен шабыт алғанын айтты.

Профессор Талиаферро Mehr ақпарат агенттігіне берген сұхбатында Имам Хұсейннің (ғ.) Арбағин шеруіне христиандар да қатысып жатқанына тоқталып: "Дүние жүзінің халқы зайырлы сарапшылар ойлағаннан әлдеқайда діндар",-деді.

Имам Хұсейннің (ғ.) Арбағин шеруі

Профессор Талиаферро америкалық Pew Research Center-дің бір зерттеу нәтижесіне сілтеме жасай отырып, әлемнің 230 еліндегі халықтың 80 пайызы діни мәселелерге мән беретінін айтып: "Көптеген мұсылмандар, христиандар және индустар имам Хұсейнді(ғ.) мадақтайды. Олардың көпшілігі әлемдегі әділетсіздікке қарсы күресуге бел буып отыр",-деді.

Профессор Талиаферро осы сұхбатта имам Хұсейнді(ғ.) танып-білудің көптеген адамдардың діни және рухани өмірге ұмтылуына себепкер болуын тіледі.

Профессор Талиаферро сондай-ақ "Арбағин рәсімі аймақ пен әлем халқы арасында лаңкестікке қарсы күресте ынтымақтастық пен бірлік тудыруда қаншалықты тиімді болды?" деген сұраққа жауабында: "Арбағин шарасы неғұрлым керемет өткізілсе, соғұрлым исламофобияны жеңуге болады",-деді.   

Жыл сайын дүние жүзіндегі миллиондаған шиіт пен басқа дін өкілдері имам Хұсейнді(ғ.) зиярат ету үшін арнайы Арбағин рәсіміне қатысады. Ол әлемдегі ең үлкен қоғамдық жиындардың бірі ретінде танымал. Әдетте имам Хұсейннің(ғ.) қырқына шамамен 20 күн қалғанда әлемнің түкпір-түкпірінен зияратшылар Ирак пен Иранның айналасындағы қалалардан Кербалаға жаяу барып, онда Кербала оқиғасында шәһид болғандарды еске алады.

Тегтер