Қыр 27, 2024 17:30 Asia/Almaty
  • Раби-ул-аууал айының 23-ші жұлдызы - хазірет Фатима Масуменің (ғ.с.) қасиетті Құм қаласына келген күн

Бүгін, раби-ул-аууал айының 23-ші жұлдызы, сәйкесінше 2024 жылы 27 қыркүйек - хазірет Фатима Масуменің (ғ.с.) қасиетті Құм қаласына келген күні.

Хазірет Фатима Масуме әлем шиіттерінің жетінші имамы хазірет Мұса ибн Джафардың (ғ.с) қызы әрі имам Резаның (ғ.с) қарындасы.

Рауаяттар мен діни тағылымдарда шапағат ету құқығына ие адамдардың ішінде хазірет Фатима Масуменің де есімі айтылды. Имам Садық (ғ.с.) «Оның (хазірет Фатима Масуменің) шапағатымен барша жаннатқа енеді»,- деген.    

Тегтер