-
Иранның мәдени орталықтарын жою туралы қоқан-лоққы жасау – мәдени терроризмнің айқын дәлелі
Қаң 27, 2020 20:31ИИР Сыртқы істер министрі Зариф АҚШ Президентінің Иранның мәдени орталықтарын жою туралы қоқан-лоққы жасауын халықаралық мәдени терроризмнің айқын дәлелі деп атады.
-
Зариф: Трамп өз сыртқы саясатын шынайы жағдай негізінде құрғаны дұрыс
Қаң 26, 2020 17:58Иран Сыртқы істер министрі Германияның "Шпигель" апталық газетіне берген сұхбатының бір бөлігінің бұрмаланғанына реакциясында АҚШ Президенті Дональд Трампқа: "Сыртқы саясат жөніндегі сөздеріңіз бен шешімдеріңізді шынайы жағдай негізінде құрғаныңыз дұрыс",-деп кеңес берді.
-
Зариф: Иран әрдайым Қытай халқының жанынан табылады
Қаң 23, 2020 21:38Иран Сыртқы істер министрі Зариф Қытай үкіметі мен халқын Жаңа жылмен құттықтап: "Иран әрдайым Қытай халқының жанынан табылады",-деді.
-
Зариф: Иранның ісі Қауіпсіздік кеңесіне тапсырылатын болса, NPT-ден шығу тақырыбы көтеріледі
Қаң 21, 2020 16:04ИИР Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф еуропалықтардың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қатысты заңсыз әрекеттеріне тоқталып, егер Иранның ісі Қауіпсіздік кеңесіне тапсырылатын болса, Теһранның ядролық қару-жарақты кеңейтуге тыйым салатын NPT хаттамасынан шығу тақырыбын көтеретінін қуаттады.
-
Зариф: Дұшпан Иран халқы алдында өзін әлсіз сезінеді
Қаң 20, 2020 19:55ИИР Сыртқы істер министрі сардар Ғасем Солейманимен қоштасу рәсіміне миллиондаған ирандықтың қатысқанына тоқталып: "Дұшпан Иран халқы алдында өзін әлсіз сезінеді",-деді.
-
Зариф: АҚШ – аймақтағы қатерлі жағдайға кінәлі басты ел
Қаң 19, 2020 18:20Иран Сыртқы істер министрі Батыс Азияның қазіргі жағдайын қауіпті деп сипаттап, АҚШ-ты осы жағдайға кінәлі басты ел деп атады.
-
Зариф: Үндістанда бір ирандық банктің филиалы ашылады
Қаң 17, 2020 14:02Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф бейсенбі күні үнді тарапымен осы елде бір ирандық банктің филиалын ашуға келіскенін хабарлады.
-
Зариф: Аймақтағы шиеленістер АҚШ-тың надандығының салдары
Қаң 15, 2020 20:37Иран Сыртқы істер министрі Ислам революциясы Сақшылар корпусы Құдс күштері қолбасшысы сардар Ғасем Солейманиге қарсы лаңкестік шабуыл мен Батыс Азия аймағындағы шиеленістердің артуы АҚШ-тың надандығы мен үстемдігінің салдары екенін қуаттады.
-
Зариф: Ұлыбритания ойланбай, АҚШ-тың лаңкестік авантюрасына қатысып жатыр
Қаң 14, 2020 16:19Иран Сыртқы істер министрі Зариф: «Ұлыбритания АҚШ-тың тоты құстай қайталап, ойланбастан АҚШ-тың Батыс Азия аймағындағы лаңкестік авантюрасына қатысып жатыр»,- деп қуаттады.
-
Иран Сыртқы істер министрі Оманның жаңа сұлтанымен кездесті
Қаң 12, 2020 20:05ИИР үкіметі атынан Оманның марқұм сұлтанымен қоштасу рәсіміне қатысу үшін Масқатқа барған Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф Оманның жаңа сұлтаны Хайсам бен Тарекпен кездесіп, сұхбаттасты.