-
Ресей: Лаңкестер алдағы екі күннің ішінде Сирияда химиялық шабуыл жасауға дайын
Там 27, 2018 15:42Ресей Қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы лаңкестердің алдағы екі күннің ішінде Сирияның Идлиб облысында химиялық шабуыл жасауға дайын отырғанын хабарлады.
-
Иранның Қорғаныс министрі Сирия президентімен кездесті
Там 27, 2018 15:17ИИР Қорғаныс министрі Сирия президентімен кездесуінде Сирия әскері мен қарсыласу күштерінің лаңкестерге қарсы күресте қол жеткізген жеңістерімен құттықтап: "Тек аймақ елдері ғана емес, сондай-ақ, бүкіл әлем халқы да бұл елде лаңкестерге қарсы орын алған күрестерге қарыздар",- деді.
-
Иран мен Сирияның Қорғаныс министрлері пікір алмасты
Там 26, 2018 20:46Иранның Қорғаныс министрі сириялық әріптесімен кездесуінде: "ИИР Сирияның территориялық тұтастығын қорғау үшін бар күшін салады. Өйткені, бұл елдің қауіпсіздігі аймақтың тұрақтылығына көмектеседі",- деді.
-
Ирандық әскери кеңесшілердің Сирияда қалуының болашағы екі тараптың ерік-жігеріне байланысты
Там 26, 2018 15:39Иранның Қорғаныс және Қарулы күштерді қолдау министрі бригада генералы Хатами Сирия үкіметінің өтінішімен ирандық әскери кеңесшілердің осы елдегі құзырына тоқталып, ирандық әскери кеңесшілердің Сирияда қалуын екі ел басшыларының ерік-жігерімен байланыстырды.
-
Ресей Батыстың Сирияға қарсы жаңа қастандықтарына қарсы тұруға дайын
Там 25, 2018 19:11Ресей Сыртқы істер министрінің орынбасары елінің Батыстың Сирияға қарсы жаңа қастандықтарына қарсы тұруға әзір екенін қуаттады.
-
"Ақ қалпақтылар" тобы жаңа қастандық әрекеттерінде Идлибке хлор газын тасымалдады
Там 24, 2018 22:06Ұлыбритания мен АҚШ-тың барлау ұйымдарына қарасты "Ақ қалпақтылар" тобы Сирияға қарсы жаңа қастандық әрекеттерінде елдің Идлиб облысындағы Джиср-эш-Шуғур қаласына хлор газының жаңа тиелімін жеткізді.
-
Лавров Болтонның Иранның Сириядағы құзыры туралы сөздеріне жауап берді
Там 23, 2018 18:04РФ Сыртқы істер министрі тілшілерге берген сұхбатында АҚШ-тың Ресеймен Сирия бойынша әріптестігін Иран күштерін Сириядан шығарумен байланыстырған Болтонның сөздеріне тоқталып, барлық шетелдік күштердің, соның ішінде Сирияда заңсыз жүрген АҚШ күштерінің бұл елден шығарылуын талап етті.
-
Сирия соғысында 86 000 лаңкестің көзі жойылды
Там 23, 2018 17:53Ресей Қорғаныс министрі бір бейнематериал жариялап, елінің Сириядағы күштерінің лаңкестікке қарсы амалдарының нәтижесін баяндап, 2015 жылдың 30 қыркүйегінен бастап Ресейдің Сириядағы әуе ғарыш күштері мен теңіз флотының лаңкестікке қарсы амалдары барысында 86 000 лаңкестің көзі жойылғанын мәлімдеді.
-
Сирияда Ресейдің екінші әскери базасы салынды
Там 17, 2018 18:56Араб ақпарат көздері Сирияның Хама облысының солтүстігінде Ресейдің екінші әскери базасының салынғанын хабарлады.
-
Ливанның "Араб бірлігі" партиясы Саад әл-Хариридің Сирияға қарсы ұстанымдарын сынады
Там 15, 2018 22:22Ливанның "Араб бірлігі" партиясы осы елдің Премьер-министрі Саад әл-Хариридің жуырда Ливан мен Сирия қарым-қатынасының қайта жандануына қарсылығы туралы айтқан сөзіне наразылық білдіріп: "Екі елдің қатынасы оның жеке мүлкі емес",-деп баса айтты.