Ливанның "Араб бірлігі" партиясы Саад әл-Хариридің Сирияға қарсы ұстанымдарын сынады
Ливанның "Араб бірлігі" партиясы осы елдің Премьер-министрі Саад әл-Хариридің жуырда Ливан мен Сирия қарым-қатынасының қайта жандануына қарсылығы туралы айтқан сөзіне наразылық білдіріп: "Екі елдің қатынасы оның жеке мүлкі емес",-деп баса айтты.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, 24 мамырда Ливанның жаңа кабинетін құруға жауапты тұлға деп таңдалған Саад әл-Харири сейсенбі күні: "Егер басқалар Бейрут пен Дамаск қарым-қатынасының қайта жандануына табандылық танытатын болса, Ливанның жаңа үкіметі ешқашан құрылмайды",-деп қоқан-лоққы жасады.
Ливанның "Араб бірлігі" партиясының басшысы Twitter әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында: "Харири өз әулетінің басқа тараптармен қарым-қатынасын басқара алады, бірақ Ливан мен Сирия байланысына қатысты былай әрекет ете алмайды",-деп жазды. Ливан Хезболласының бас хатшысы Сейіт Хасан Насролла да сейсенбі күні: "Ливан мен Сирия қарым-қатынасына қарсы адамдар кейін кері шегінетін позицияларына табандылық танытпай-ақ қойсын",-деді.
Осындай жағдайда Ливан Президенті мен кейбір топтар, соның ішінде Хезболла, "Амол" қозғалысы мен Ұлт азаттық қозғалысы Ливан мен Сирияның қарым-қатынасын қайта жандандыруды қолдап отыр.