Иранның адам құқығы штабының хатшысы Ислам республикасының бес жылдық адам құқығы көзқарасы құжатын жариялады.
Иран Ислам Кеңесінің Мәжілісінің өкілдері әйелдердің зардап шегуінің алдын алу және олардың теріс қылықтардан қауіпсіздігін арттыру заң жобасының жалпы ережелерін мақұлдады.
Ислам революциясының жетекшісі батыстықтардың адам құқығы туралы уәждеріне сенуге болмайтынын айтып: "Батыс елдері жалпы адам құқығына қарсы",-деді.
Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Адам құқықтары кеңесінің Иранға қарсы қарарын қабылдамау арқылы адам құқықтарының саяси мақсатпен ашық түрде қолдан жасалуын өкінішті деп бағалады.
ИИР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Еуропарламенттің елдің кейбір мектептеріндегі улануларға қатысты қарарына оеакция білдіріп: «Еуропарламент Иран халқына қарсы өшпенділік тарататын орынға айналды»,- деді.
Иран СІМ-нің баспасөз хатшысы Францияда зейнетке шығу туралы заңға енгізілген түзетулерге қарсы шеруге қатысты: "Бұлардың адам құқығы туралы дәрістері тек басқаларға бағытталған. Өздері оны ұстанбайды",-деді.
ИИР СІМ-нің баспасөз хатшысы Твиттердегі жеке парақшасында: "АҚШ демократия мен адам құқығын қорғауға лайық емес",-деп жазды.
БҰҰ Адам құқығы кеңесі өз мәлімдемесінде: "АҚШ-тың Иранға қарсы санкциялары және оның үшінші елдерге қарсы қолданылуы халықаралық заңдарға қайшы келеді",-деп хабарлады.
Иранның Адам құқығын қорғау штабының хатшысы айыпталғандарға рақымшылық жасауды бұрын-соңды болмаған бастама деп атап: "Бұл исламдық-гуманистік қадам – адам құқығы саласындағы биік қадам және Иран жүйесінің халықтық сипатының белгісі",-деді.
ИИР СІМ-нің баспасөз хатшысы Твиттердегі жеке парақшасында өткен айда шәһид болған палестиналықтардың суреттерін жариялап, Батыстың адам құқығына қатысты көзқарасын сынады.