Геноцидтің адамдарға әсері туралы зерттеулер американдық профессорды жұмыстан шығаруға себеп болды
(last modified Sun, 16 Jun 2024 12:01:30 GMT )
Маусым 16, 2024 18:01 Asia/Almaty
  • Геноцидтің адамдарға әсері туралы зерттеулер американдық профессорды жұмыстан шығаруға себеп болды

Pars Today: Чикаго штатындағы DePaul университетінің профессорларының бірі студенттеріне Газа соғысы туралы қосымша тапсырма ұсынғаны үшін жұмыстан шығарылды.

 

Anne D'aquino-ға өткен айдан бері осы университеттің денсаулық ғылымдары кафедрасында сабақ беруге тыйым салынды. Pars Today-дің  Sun Times сілтеме жасап хабарлауынша, Anne D'aquino өткен айда студенттерге Газадағы геноцидтің адам денсаулығы мен биологиясына әсерін бағалауды сұрайтын қосымша тапсырма ұсынды.

Бірнеше күн бұрын Anne D'aquino бұл мәселені алғаш рет баспасөз мәслихатында ашық айтып, былай деді: "Менің жұмыстан босатылуым академиялық бостандықты бұзу және осы әкімшіліктің Палестина туралы кез келген талқылауды антисемитизмнің жалған мәлімдемелеріне айналдыру әрекетінің тағы бір мысалы болып табылады",- деді. Осы профессорды қолдау үшін «Депал» университетінің айналасына 50-ге жуық адам жиналды. Олар Палестина жалауларын желбіретіп, қолдарында  "Академиялық бостандыққа Палестина да кіреді" деп жазылған плакат ұстаған.Осы уақытта студенттер DePaul университетінің ғылыми ғимаратындағы әкімшілік кеңсесіне Anne D'aquino ханымның қайтып оралуын талап еткен петиция тапсырды. Бұл петицияның баспа нұсқасына 1500-ден астам қол қойылған. Anne D'aquino шамамен үш апта бұрын апелляциялық шағым түсірді және әлі университет шенеуніктерінен нақты жауап алған жоқ.

Соңғы мәліметтерге қарағанда, сионистік режимнің 2023 жылдың 7 қазанынан бастап Газаға жаңа шабуылдары басталғаннан бері 37 мыңнан астам палестиналық шәһид болып, 85 мыңнан астамы жараланды.

 

 .