-
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісі Жол және қала құрылысы министрі болуға ұсынылған үміткерге сенім дауысын берді
Жел 07, 2022 20:35Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің депутаттары Жол және қала құрылысы министрі болуға ұсынылған үміткер Мехрдад Базрпашқа сенім дауысын берді.
-
Раиси: Студенттер күні – студенттердің дұшпанды танып, оған қарсы күресіп, қырағылық танытуының символы
Жел 07, 2022 19:14Иран Президенті Студенттер күнін студенттердің дұшпанды танып, оған қарсы күресуі және қырағылық танытып, жауапкершілік сезінуінің символы деп атады.
-
Сақшылар корпусы: Иранның қауіпсіздік күштері бүлікшілерге кесімді де қатаң қатынас көрсетеді
Жел 05, 2022 18:24Сақшылар корпусы өз мәлімдемесінде Жоғары соттың сионистік режимнің тыңшылық ұйымына қатысы бар адамдарды жазалағанына алғыс айтып: "Иранның қауіпсіздік күштері дұшпанға жалданған бүлікшілер, бұзақылар мен лаңкестерге кесімді де қатаң қатынас көрсетеді",-деді.
-
Раиси: Кейінгі күндерде болған бүліктерде кісі өлтіріп, тыныштықты бұзғандар әділетті жазасын алуы тиіс
Жел 02, 2022 21:59Иран Президенті Күрдістанда бүліктен қаза тапқандардың жанұяларымен кездесіп: "Бүлік пен бейберекеттік кезінде кісі өлтіріп, бейбіт халық пен қауіпсіздік күштерін жаралаған адамдар әділетті жазасын алуы тиіс",-деді.
-
Раиси: Дұшпан Иран халқының жүрегінен орын алмағанын және орын алмайтынын білсін
Жел 01, 2022 23:53Иран Президенті: "Америкалықтар Иран халқының жүрегінен орын алмағанын және орын алмайтынын білсін, өйткені ирандықтарда жанпидалық пен қарсыласу мәдениеті кең таралған",-деді.
-
Иранның солтүстік-батысында "International" лаңкестік ақпарат арнасының белді мүшесі ұсталды
Қар 28, 2022 20:28Иранның солтүстік-батысында "International" лаңкестік ақпарат арнасының белді мүшесі анықталып, ұсталды.
-
Раиси: Аймақта медицина бойынша бірінші болу – Иранның даму белгісі
Қар 21, 2022 19:32Иран Президенті медициналық қызмет көрсету бойынша аймақта бірінші, әлемде он бесінші орын алуды Иранның даму мен өсуінің белгісі деп атады.
-
Азаматтық бағынбау және ақпараттық майдан – Иранға қарсы когнитивті соғыстың екі қанаты
Қар 21, 2022 00:49Қыркүйек айынан бері Иранның кейбір қалаларында бүлік пен тәртіпсіздіктің жаңа толқыны басталды. Осы бейберекеттік пен лаңкестік шабуыл салдарынан бірқатар әскери қызметкер, бейбіт тұрғындар, соның ішінде балалар мен әйелдер қаза болды немесе жараланды. Сондай-ақ жеке және қоғамдық мүлікке зиян келтірілді. Тәртіпсіздік әлі де жалғасып жатыр.
-
Ислам революциясының жетекшісі: Зұлымдық ауқымының аяқталатыны сөзсіз
Қар 19, 2022 21:29Ислам революциясының жетекшісі соңғы тәртіпсіздіктерді ұйымдастырушылардың негізгі мақсатын халықты алаңға шығару деп атап: «Күмәнсіз зұлымдық ауқымы аяқталып, Иран халқы елдің ілгерілеу жолында бұдан да күш-қуат пен тың рухпен алға жылжи береді»,- деді.
-
Изедегі лаңкестік оқиғада қаза тапқандарды жерлеу рәсімі өтті
Қар 18, 2022 22:30Бүгін, жұма күні Изедегі лаңкестік оқиғада қаза тапқандарды жерлеу рәсімі Хузистан облысының Изе ауданындағы жауапты тұлғалар мен түрлі әлеуметтік топ өкілдерінің қатысуымен өтті.