Maм 31, 2017 16:29 Asia/Almaty
  • Рамазан – Алланың айы 6

Кейбір адамдар ораза кезінде тек ішіп-жеуден тартынып, олардың құлақ, тіл, көз және басқа ағзалары жағымыз әрекеттерін жалғастырса, келесі адамдар өз ағзаларын жаман әдеттерден қорғайды.

 Бірқатар адам Алланың мейманы болғанымен, жүректерінің немқұрайдылық танытуына байланысты шаршап-шалдығып, ағзалары ауыр жұмыс атқарғандай болады. Бұл топ үлкендеріне сый апаратындар сынды. Олардың сыйлары кемшіліктерге ластанып, сұрағандарының қабыл болына кедергі тудырады. Келесі топ ағзаларын тыйым салынған нәрселерден қорғайды, бірақ жүректерін қорғамайды. Тағы бір топ ағзаларын күнәдән қорғауымен бірге пәк жүректері және пәк ой-пікірлерімен рамазан айына аяқ басады. Олар  барлық кемшіліктерден хабардар Алланың алдында күнә жасаудан тартынып, Алланың қорғауға бұйырған нәрселерін қорғауға талпынады.  Олар Алланың ризалығына ие болуға талпынады. Енді бір топ жүрегі, ой-пікірі мен ағзаларын күнә және кемшіліктер мен жамандықтардан қорғаумен шектелмей, дұрыс әрекеттер мен жақсылық жасауға кіріседі. Олар болмыстарының тек сыртқы көріністеріне назар аударумен қанағаттанбай, мұстахаб нәрселерді де орындайды. Бұл топ оразаның шындығын түсініп, пайдалы тәжірибелерден өтуде.

Рамазан - ғибадат айы

Сонымен қатар ерекше ораза тұтушы топ бар. Бұл топқа пайғамбарлар, адал адамдар және Аллаға жақындар кіреді. Қасиетті рамазан айы келіп, Алла елшісінің намаз, дұғалары артатын. Хазірет рамазанда ғана емес, әр айда үш күннен ораза тұтып: «Бұл үш күн бүкіл жыл бойы ораза тұтқанмен бірдей»,- деген. Айта кететін жайт, адамдардың ораза сынды ғибадаттың негізін түсінуі оларды бұл ғибадаттарды көбірек орындауға жігерлендіреді.

         ********************************************************************************

 Құран Кәрімнің «Әл-Имран» сүресінің 164-ші аяты:

  "لَقَد مَنَّ اللَّهُ عَلَی المُؤمِنینَ إِذ بَعَثَ فیهِم رَسولًا مِن أَنفُسِهِم یَتلو عَلَیهِم آیاتِهِ وَیُزَکّیهِم وَیُعَلِّمُهُمُ الکِتابَ وَالحِکمَةَ وَإِن کانوا مِن قَبلُ لَفی ضَلالٍ مُبینٍ "

«Расында Алла Тағала мүміндерге қамқорлық етіп, олардың ішіне өздерінен, оларға Алла аятын оқитын, оларды тазартатын және оларға Кітап, хикмет үйрететін Елші жіберді. Өйткені, олар бұрын ашық адасуда еді».

«Әл-Имран» сүресінің 164-ші аяты Исламның ұлық пайғамбарының беғсаты мен оның мақсаттарына тоқталады. Оқымаған халықтың арасынан шыққанымен, пайғамбар өзінің ресалатының айбынын анықтап,  әрі оның шындығын дәлелдейтін Құран сынды терең мағыналы кітапқа ие болып, оқымаған және ғылыми ортада тәрбиеленбеген халықтың перзенті бола алмайды. Бұл аят пайғамбардың беғсатын үш  кезеңге бөледі: бірінші кезең кіріспе іспеттес.  Бұл кезде илаһи аяттар оқылады; келесі екі бөлімі «нәпсіні тазарту» және «кітап пен хикметті үйрету». Беғсаттың үлкен екі мақсаты – адамды кемелдікке жеткізіп, бұл әлемнің нығметтерін пайдалану. Яғни, дұрыс жолға нұсқалу үшін Құран оқып, ол туралы ойлану; сонымен бірге нәпсіні тазартып, ілім мен мағрифатқа ие болу. Бұл аяттың соңында беғсатқа дейінгі кезеңдегі  бүкіл қоғамды билеген адасушылық туралы айтылады. Тас пен ағаштан жасалған пұттарға табыну немесе өз қыздарын өз қолдарымен тірідей көмуден асқан адасушылық болады ма? Олардың арасында әйел тіпті ең қарапайым құқықтан да кенде құнсыз зат болды. Олар әртүрлі ырымға сеніп, кек пен дау-дамай әкелерінен перзенттеріне жетіп, қантөгістер мен қырып-жоюшылық орын алды. Исламның ұлық пайғамбары пайғамбарлық міндетіне кіріскен кезде халықты кітап, хикмет, тәлім-тәрбие арқылы құтқарды. Адасқан қоғамға әсер етуі ислам дінінің айбыны дәлелдерінің бірі болып, ұлы пайғамбарымыздың көрнекті мұғжизасы болды.

Ходже Абдолла Ансари пайғамбардың беғсаты туралы сөзінде: «Алла Тағала оны набават шындығымен әшекейлеп, шындықтан хабарсыз, адасқан адамдарға жіберді. Ол беғсатымен дін мен исламдық шариғатты таратып, қонақтарының алдынан дастарханын жаятын үй иесі сынды Исламның дастарханын жайды»,- деді.

                             ****************************************************************

 

 Егер рамазан айында тамақтануы дұрыс болмаса, ораза кезінде адамның салмағы төмендейді деген ойларға керісінше адамдардың салмағы артуы мүмкін. Өйткені, қанты көп тамақты жеп, басқа жақтан ұйқылары дұрыс болмау, салмақтың артуына себеп болады. Бүгін сусындардың бірі туралы әңгімелейміз. Біз майлылығы төмен бір стакан сүт ішуді ұсынамыз. Майлылығы төмен сүт кеш қорытылып, біразға дейін асқазанды тоқ ұстайды.

Диетолог доктор Кимиагар: «Сүт өнімдері негізгі азық тобына кіреді. Оның құрамы витаминдерге толы.  Ауызашар кезінде сүт, ірімшік, сүтке пісірілген күріш бірінші қатарда орналасады. Сүттің құрамындағы нәрселер басқа тағамдарға қарағанда жақсырақ қорытылады. Сондықтан ауызашар мен сәресі арасында сүт өнімдерін пайдаланып, ауызды бір стакан жылы сүт және екі құрмамен ашқан жөн»,- деді. Сүттің көптеген пайдасы бар. Майлылығы төмен сүт күйзелісті азайтып, денені демалуға дайындалады. Кейде мөлшерден артық тамақтану жағдайдың нашарлауына соқтыруы мүмкін. Сүт ерекше күш-қуат береді. Қорыта айтқанда, рамазан айында сүт өнімдері қажет. Адамдардың көбі рамазан айында бір стакан сүтпен ауыз ашуға әдеттенген. Бұл айдан кейін де таңертең сүт ішуді әдетке айналдырған жөн. Сүт көптеген қасиеттерге ие. Сүттің құрамына кальций, калий, натрий, витамин В, протеин, фосфор және басқа нәрселер кіреді. Діни әулиелердің тарихында сүт туралы көп айтылған. Сейед Бен Тавус имам Бақер (ғ.с.)-нан хазірет Әли (ғ.с.)-ның ауызды сүтпен ашуды жақсы көргені туралы баяндаған. Сүтке пісірілген күріш ботқасының бірнеше қасығын  құрма және тұт шырынымен қосып жеу ағзадағы қан мөлшері мен кальцийді реттейді. Сүтке пісірілген күріш – жеңіл әрі тез қорытылатын тамақ.

                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                              

 

 

 

 

 

Тегтер