Рамазан – Алланың айы 7
Рамазан айындағы ораза – дін арқылы тағайындалған белгілі бір уақыттағы қиындыққа төзу. Шариғаттың философиясы адамның бірте-бірте Аллаға құлшылық етуді үйреніп, Аллаға жақындайтын дәрежеге жетуінде.
Ораза нәпсіні тазалау үшін қиындыққа төзудің бір түрі ме? Егер олай болса оның діннен тыс қиындыққа төзуден не айырмашылығы бар?.
Қиындыққа төзу деген рухани және физикалық мүмкіндіктерге жету немесе нәпсіні тазарту жолында мехнат шегу. Қиындыққа шыдау кейде діни тағылымдардан қашық болады. Яғни, кейбір адамдар кез келген мүмкін жолдар арқылы рухани мүмкіндіктерге жету үшін өздерін қиындықтарға тірейді. Тағы біреулер діни тағылымдар мен шариғат негіздеріне сүйеніп, машақаттарға төзу бағдарламаларын орындайды. Діни тұрғыдан қиындықтарға төзуде адам шариғат негіздерінен шықпайды, сондықтан шариғаттан тыс күш-қуатқа жетуді қабылдамайды. Рамазан айындағы ораза – дін арқылы тағайындалған белгілі бір уақыттағы қиындыққа төзу. Шариғаттың философиясы адамның бірте-бірте Аллаға құлшылық етуді үйреніп, Аллаға жақындайтын дәредеге жетуінде. Яғни, діни қиындық діннен тыс үнемділіктен мүлдем өзгеше. Діннен тыс үнемділіктің мақсаты рухани және физикалық құдіретке жету. Ал дін анықтаған қиындыққа шыдаудың мақсаты құдіретке жету емес. Оның мақсаты – нәпсіні жамандықтан тазартып, кемелдік жолына түсу. Қиындыққа шыдаудың бұл түрінде адам рухани және физикалық тұрғылардан құдіретке жетуі мүмкін.
Қиындыққа шыдаудың екі түрінің келесі айырмашылығы нәтижені пайдалануына байланысты. Мүмін адам илаһи ахкамды орындап, кемелдікке жетіп, еш уақытта оны бұрыс жолда пайдаланбайды. Бірақ мүмін қиындыққа төзудің арқасында мүмкіндіктерге ие болғанда оны ешқашан бұрыс жолда пайдаланбайды. Діннен тыс қиындықтарға төзу адамды ұзақ мерзімге қоғамнан алыстады. Ислам дінінің тағылымдарында монахтық пен оқшаулану насихатталмаған. Керісінше, адамның күнделікті тұрмысы мен қоғамның сахнасына қатысуы рухани және ахлақтық тұрғыдан кемелдікке жетуге көмектеседі деп санайды. Осыған орай, Ислам тарихының беттерінен кейбір қаһармандардың тіпті соғыс майданында да ораза тұтқаны туралы оқимыз. Қазіргі таңда да рухани және ахлақтық кемелдіктің үлгілерін байқауға болады.
Рауаяттардың бірінде былай деп айтылған: Хазірет Әли (ғ.с.)-ның бауыры Джафар бен Абиталеп Муте соғысында шәһид болудан бірнеше минут бұрын жарақатының салдарынан жерге құлап, оны жараланғандар жатқан шатырға әкелгенде ол көзін жұмып жатады. Оның қатты шөлдегенін көргенде оған су ұсынылады. Жаралы ақырын қозғалып, көзін ашады. Одан «Су керек пе?» деп сұрағанда: «Суды күн батқанға дейін сақтаңдар, егер тірі қалсам, ішемін. Егер тірі қалмасам, Алланың алдына шөлдеген күйде барамын. Мен оразамын, сондықтан оразамды бұзғым келмейді»,- дейді.
****************************************************************
«Әл-Имран» сүресінің 14-ші аяты:
" زُیِّنَ لِّلنَّاسِ حُبُّ الْشَّهَوَتِ مِنَ الْنِّسَآءِ وَالْبَنِینَ وَالْقَنَطِیرِ الْمُقَنْطِرَةِ مِنَ الْذَّهَبِ وَالْفِضَّةِ وَالْخَیْلِ الْمُسَوَّمَةِ وَالْأَنْعَمِ وَالْحَرْثِ ذَ لِکَ مَتَعُ الْحَیَو ةِ الْدُّنْیَا وَاللَّهُ عِنْدَهُ حُسْنُ الْمَابِ"
«Адам баласы үшін қатындар, балалар, алтын-күмістен жиналған қазыналар, сәнделген аттар, малдар және егіндерді қызыға сүю әдемі көрсетілді. Бірақ, олар дүние тіршілігінің сәні. Негізінде орынның жақсысы Алланың қасында».
Алла Тағала адамды бұл дүниеде жаратып, оның келесі өмірінің жалғасуына қажет нәрселерді оның ықтиярына берді. Адам өзінен кейін ұрпағын қалдыру үшін әйел мен перзентті, күнделікті тұрмысын қамтамасыз ету үшін ақша мен байлықты, азық-түлік пен киімін қамту үшін әртүрлі малдар мен өсімдіктерді қажет етеді. Алла Тағала қажет нәрселердің барлығын адамға сыйлады. Бұл барлық істер өткінші. Сондықтан, Алла мен қияметке иман келтірген адам дүние мен дүниелік істерді алдыға қоймайды. Өйткені, қияметте олардың ешбіреуінің құны жоқ. Алла Тағала дүниені таныстырып, «Каһф» сүресінің 46-шы аятында: «Мал мен балалар – дүние тіршілігінің сәні. Ал бақи қалатын жақсылықтар болса, Раббыңның қасында, табыс бойынша да жақсы әрі үміт тұрғысынан да жақсы»,- дейді. Бұл дүние халық үшін – сынақ. Бұл дүниеде жақсылық пен жамандық, бақыт пен бақытсыздық бірге жүреді. Адам солардың біреуін таңдай алады. Яғни, адамның бақытты және бақытсыз болуы оның өзінің ықтиярында. Әйелі мен перзенттеріне және алтын-күміс, төрт аяқты жануарлар мен егістік жерлерін жақсы көруі бұл дүниедегі уақытша өмірдің белгілері. Бірақ, шайтан оларды адамға әдемі көрсетіп, оларды тек өтпелі нәрселер туралы ойлауға итермелеп, Аллаға немқұрайдылық танытуына себеп болады. Мүміндер әр нәрсені өз өмірлеріне қажет мөлшерде ғана пайдаланып, бұл әлемді ақыретке жеткізетін дүние деп санайды. Сондықтан аяттың соңында «...олар дүние тіршілігінің сәні» деп айтады. Ходже Абдолла Ансари имам Әли (ғ.с.)-ның рауаяттарының бірін айтып: «Әли Мұртаза дүниелік істермен айналысқан кезде өз дінін қорғап: «Уа, дүние басқаларды алда, мен сенен алыстадым»- деген. Сол кезде «Уа, Әли, пұтқа табынушы палуан ерлер сенімен бетпе-бет келуге қорқады. Сен дүниеден қорқасың ба?» - деп сұраған. Имам: «Бұл дүние тікені бар ағаш, егер одан алыстамасаң, тікені етегіңді жыртады»- деп жауап берді»,- деп есіне алатын.
**************************************************************************
Белгілі бір уақытта тамақтану – қасиетті рамазан айының ораза тұтушыларға үйрететін сабақтарының бірі. Тамақты белгілі бір уақытта ішіп-жеудің адамның денсаулығы үшін көптеген пайдалары ие. Ең маңызды пайдасының бірі энергияны күні бойы сақтап қалуда. Тамақты белгілі уақытта емес, жөн-жосықсыз жеу адамның күні бойы энергия тапшылығымен кезігуіне себеп болады. Алайды тамақты уақытылы жеп-ішу қанның құрамында қант мөлшерін бір қалыпта сақтап, аштықтан пайда болатын әлсіздіктің алдын алады. Рамазан айы адамның тәртіппен өмір сүріп, өзін осы айда және осы айдан кейін де жақсы өмір сүруге дайындайды.
Діни тұлғалардың ақыл-кеңестерінде денсаулық пен тазалықты және гигиеналық негіздерді сақтап, пайдалы ас жеу көп насихатталған. Сондықтан адамға зиян келтіретін тамақты пайдаланбаған жөн. Исламда кейбір тағамдарға ерекше көңіл бөлінген. Діни тұлғалардың ақыл-кеңестерінің көбі тамақты тойып ішпеуге және белгілі бір уақытта тамақтануды қуаттайды. Хазірет Әли (ғ.с.): «Тойып тамақ ішпеген адамның денсаулығы жақсарып, ойы өзгереді»,- деген. Сол себепті рамазан айында ауызашар мен сәресі кезінде көп тамақ жемеу керек.