Иран: "Хартуран" шөлі
(last modified Sat, 08 Dec 2018 14:25:53 GMT )
Жел 08, 2018 20:25 Asia/Almaty
  • Иран:

"Тұран" деген атпен танымал "Хартуран" шөлі Семнан облысының шығысында, Шахрудтың оңтүстік-шығысынан 140 км қашықтықта орналасқан.

"Хартуран" шөлінің солтүстік бұрышы Теһран-Мешхед жолынан өтсе, оңтүстік-шығыста Орталық шөлмен жалғасып жатыр. Бұл қорғалған аймақтың шығыс бөлігінде жабайы жануарлар қорығы бар. Орталық бөлігінде "Хартуран" ұлттық саябағы орналасқан. Бұл шөлдің маңыздылығы жануарлар дүниесі мен өсімдік жамылғысының алуандығына шолу жасағанда айқындала түседі. Бұл аймақ өсімдік және жануарлар дүниесі тұрғысынан ең маңызды қорлардың бірі саналады.

"Хартуран" шөлі "Иранның Африкасы" деген атпен танымал
"Қалле бала" (Биік қамал) - туристердің сапары барысында тоқтай алатын ауылы
Ирандағы ең үлкен және әлемде Танзаниядан кейінгі екінші биологиялық қор
Бұл ауылды Тұранның жабайы жануарлар дүниесінің қақпасы атайды
Жыл сайын бұл аймаққа көптеген туристер келеді
Ауылдың тұрғындары мейірбан әрі қонақжай
Ауылдың әйелдері қолөнермен айналысу арқылы табыс табады
"Қалле бала" ауылында "Бумгәрди" қонақ үйі жолаушыларды қабылдауға әзір

 

Жойылу алдында тұрған ирандық құландар осы аймақта тіршілік етеді
"Хартуран" шөлі
Бұл аймақта сүтқоректілер, құстар, жорғалаушылар мен қосмекенділердің алуан түрі тіршілік етеді
"Хартуран" шөлі - Иранның қорғауға алынған ең ауқымды екінші аймағы 
"Хартуран" қорғалған аймағы