Иран: Абр орманы
Жел 27, 2018 19:17 Asia/Almaty
Семнан облысындағы Абр (Шаһруд) орманы сирек кездесетін флора мен фаунасына байланысты Иранның ең көрікті жерлерінің бірі саналады. Абр орманы – үшінші геологиялық дәуірге жататын Каспий аймағының хиркан ормандарының ең көне әрі көркем бөлігі. Жалпы ауданы 35 000 шаршы шақырымды құрайтын бұл орман Иранның солтүстігіндегі жасыл ормандардың жалғасы саналады.
Көбінесе бұл орманның кеңістігін бұлт басып тұратындықтан ол "Абр" орманы, яғни "Бұлтты орман" деген атаумен танымал. Ормандағы бұлттардың ағаштарға жақын орналасқандығы соншалықты, орман бұлттың үстіне шығып, бұлттардың арасында серуендеуге болатындай көрінеді.