Иран: Гаһар көлі
Ақп 25, 2019 13:27 Asia/Almaty
«Гаһар» көлі – таудағы ең әдемі көл. Ол Иранның Луристан облысындағы Дуруд қаласының оңтүстік шығысынан 35 км қашықтықта Ошторонкуһ таулы сілемінің арасында теңіз деңгейінен 2350 метр биіктікте орналасқан. Ол «Үлкен Гаһар» және «Кіші Гаһар» деген екі бөліктен тұрады. Көлдің айналасын емен, сырға тал мен бадам ағаштары көмкерген. Гаһар жергілікті диалектіде «ойық жерде жиналған, өте терең әрі тымық көрінетін су» деген мағынаны білдіреді.













Тегтер