Иран мен Түркіменстан Наурызды алғаш рет бірге тойлады
(last modified Fri, 05 Apr 2019 12:27:46 GMT )
Сәу 05, 2019 18:27 Asia/Almaty
  • Иран мен Түркіменстан Наурызды алғаш рет бірге  тойлады

Иран мен Түркіменстанның Наурызды алғаш рет ортақ тойлаған рәсімі екі ел басшылары орынбасарларының қатысуымен Хорасан-е Разави облысының солтүстігінде орналасқан Баджгиран шекаралық өткелінде өтті.

 

 

Иранның Мәдени мұра, қолөнер және туризм ұйымының басшысы Әли Асқар Мунесан бейсенбі күні Иран мен Түркіменстанның Наурызды алғаш рет бірге тойлаған рәсімінде сөйлеген сөзінде: "Наурыз – мейірім мен достықтың, жақсырақ болашаққа деген үміт пен өркендеуге талпынудың жолдауы",- деді.

Иран мен Түркіменстанның Наурызды ортақ тойлауы – екі ел қарым-қатынасын дамыту үшін көп көмек көрсететін мәдени әрекет. Наурыздың мәдени мұра ретінде тіркелгеніне көңіл бөліп, Иран үкіметі Наурызды тойлайтын елдермен ортақ рәсімдер өткізуге талпыныс жасап жатыр. Наурызды бірге тойлау мемлекеттер арасындағы мәдени шекараны нығайтып, олардың қарым-қатынастарын арттырумен бірге Наурыздың бейбітшілік пен достық жолдауын күшейтеді.  БҰҰ-ның Білім, ғылым және мәдениет ұйымы ЮНЕСКО Наурызды дүниежүзілік мәдени мұра тізіміне тіркеп, нәтижесінде 21 наурыз БҰҰ-ның күнтізбесінде Дүниежүзілік Наурыз күні болып белгіленді. Қазіргі таңда шамамен 30 елдің  300 миллионнан  астам халқы Наурызды табиғаттың жаңғыру мейрамы  ретінде тойлайды. Географиялық орындары емес, Наурыз сияқты ортақ мәдениет бейбітшілік пен достық аясында елдер арасындағы қарым-қатынасты кеңейте алады. Наурызды тойлайтын елдер бұл мейрамды бірге тойлап, әлемдіктерді Наурыздың достық және бейбітшілік негіздерімен таныстыра алады. Әлемдіктер үшін Наурыздың  ең үлкен жетістіктерінің бірі ынтымақтастық пен достық қарым-қатынастарды арттыру болып табылады. Қазіргі әлемде екіжүзділік пен тұрақсыздық анық байқалады. Сондықтан бейбітшілік пен достықтың жолдауын жеткізетін Наурыз мәдениеті әлемдіктерді қызықтырады. Наурыз ирандық мәдениет пен тарих бойында достық пен мейірімділіктің хабаршысы болды. Бұл ұстаным ИИР дипломатиясының ұстанымы болды. Ортақ мәдениеттерді құрметтеу екіжақты сенімді арттырады. Иран мен Түркіменстаннның Наурызды бірге тойлауы да осы негізге сай өткізілді. Наурызды тойлайтын елдердің ортақ мәдени негіздері нығайған сайын олардың бірлігі мен ынтымақтастықтары да артады. Сондықтан ИИР Наурызды әртүрлі елдермен бірге тойлауды өзінің күн тәртібіне қойды.