Сауд Арабиясы Иран лаңкестікті қолдайды деген уәжін қайталады
Сауд Арабиясы үкіметінің Сыртқы істер министрі Адел әл-Джубейр жексенбі күні Риадтағы баспасөз отырысында тағы Иранды лаңкестікті қолдаушы және аймақтағы тұрақсыздықтың факторы деп айыптады.
Сауд Арабиясы үкіметінің Сыртқы істер министрі бұл отырыста Сауд Арабиясының ИИР-на қарсы үнемі айтатын «Иран лаңкестікті қолдайды және араб елдерінің істеріне араласады» деген айыптарын қайталап: «Риад аймақтағы соғысты көздемейді»,- деді. Әл-Джубейр Сауд Арабиясының әрқашан бейбітшілікті мақсат еткені туралы баяндап, өзінің алдамшы сөздерінде былай деді: «Сауд Арабиясы Иран жүйесінің әрекеттері және бұл елдің қайшылықтарға толы аймақтағы қоқан-лоққылары себеп болып отырған аймақ пен әлемдегі өзгерістерді алаңдаушылықпен бақылауда. Иранның жүйесі аймақтың қауіпсіздігі мен тұрақтылығы туралы ойламайды»,- деп қосты. Сауд Арабиясының бұл уәждерімен тұспа-тұс Біріккен Араб Әмірлігі Сыртқы істер министрлігі де: «Эмираттық, саудиялық және норвегиялық төрт танкер бұл елдің Фуджейра портына жақын жерде нысанаға алынды»,- деп жариялады. Саудиялық және Батыс ақпарат құралдары бұл оқиға мен Йеменнің халық армиясы ұшқышсыз ұшақтарының Сауд Арабиясы жеріндегі әрекеттерін Иранға қарсы пайдалануға талпынуда. БАӘ-нің жариялауынша, бұл мемлекет Сауд Арабиясы және Норвегиямен бірге Фуджейрадағы оқиға туралы БҰҰ қауіпсіздік кеңесіне хат жіберді. Бұл сөздер мен әрекеттер АҚШ, Израиль және Сауд Арабиясы үштігінің Иранға қарсы жаңа сценарий жобалағдарының белгісі. Бұл сценарийде екі мақсат қарастырылуда. Бірінші мақсат Қаупісіздік кеңес арқылы Иранға қарсы әрекеттенуге жағдай тудыру. Бұл жоба бұдан бұрын ирандық зымыранның Йеменге жіберілуі және АҚШ өкілінің Қауіпсіздік кеңестің отырысындағы үгіт-насихатымен іске асырылды. Бірақ нәтижеге жетпеді, өйткені Сауд Арабиясының уәждері өтірікке сүйенген болатын. Осы кезде де Сауд Арабиясының уәждерін дәлелдейтін құжаттары жоқ. Аталмыш сценарийдің екінші мақсаты Сауд Арабиясының лаңкестік топтарға көрсетіп отырған әшкере және жасырын қолдауларын жасырып, Йемендегі жазықсыз әйелдер мен балаларға қарсы Риадтың әуе шабуылдарына жауап бермеу болып табылады.
Батыс Азия аймағы мәселелері маманы әрі тілшісі Патрик Кокберн Дональд Трамп пен Сауд Арабиясы үкіметінің Иранға қарсы ұстанымдарын сынап: "Риад басшыларының реакция білдіріп, барлық нәрсені Иранмен байланыстыруы жаңалық емес. Бұл ұстаным АҚШ пен Иранның қарулы шайқасын көргісі келетін елдердің біріндегі адамды Иранды кінәлі санауға итермелеуі мүмкін. Бұл жерде менің ойыма Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірлігі және Израиль келеді",- деді.
Бұдан бұрын Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф Сауд Арабиясы тақ мұрагері Мұхаммад бен Салманның Абу-Даби тақ мұрагері Мұхаммад бен Заид, сионистік режим премьер-министрі Бениамин Нетаньяху және Ақ үйдің қауіпсіздік істері жөніндегі кеңесшісі Джон Болтонмен бірге АҚШ-ты Иранмен шайқастырғылары келетіні туралы айтқан болатын. Сауд Арабиясы Сыртқы істер министрі 2001 жылдың 11 қыркүйегіндегі АҚШ-қа қарсы лаңкестік әрекетке қатысты 19 лаңкестің 15-нің саудиялық болғаны, сондай-ақ олардың ішінде ешбір ирандықтын болмағаны туралы сөз көтермей, "Иран лаңкестікті қолдайды" деген уәждерін үнемі қайталауда.