Шейх Иса Ғасем Бахрейннен кетпейтінін қуаттады
Маусым 28, 2016 13:56 Asia/Almaty
Бахрейн шиіттерінің басшысы Халифа режимінің оны азаматтықтан айыру әрекетінен кейін Бахрейннен кетпейтінін мәлімдеді.
«Меһр» ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, шейх Иса Ғасем дүйсенбі күні сөйлеген сөзінде Халифе режимінің оны елден шығару қастандығына реакция білдіріп: «Ешбір жағдайда Бахрейннен кетпеймін»,- деп қуаттады.
Айта кететін жайт, Халифе режимі өзінің таяудағы басып-жаншу әрекетінде шейх Иса Ғасемды азаматтығынан айырған болатын. Халифе режимінің бұл шешімі елдің іші мен сыртындағы кең ауқымды наразылықтарға себеп болды.
Тегтер