Нетаньяху Газа секторы қоршауының жалғасатынын қуаттады
Сионистік режимнің үкімет басшысы Түркиямен қарым- қатынасты қалпына келтіру келісімшартына қарамастан Газа секторы қоршауының одан әрі жалғасатынын мәлімдеді.
Түркияның үкімет басшысы Бинәли Йылдырым Газа секторын қоршауды азайту Түркияның Израильмен байланысты қалпына келтіру келісімшартының баптарына жатады деген уәж айтқан еді.
Құдс ақпарат агенттігінің мәлімдеуінше, сионистік режимнің үкімет басшысы Бениямин Нетаньяху Түркиямен қарым- қатынасты қалпына келтіру келісімшартын стратегиялық деп сипаттаумен қоса, Газа секторын қоршаудың жалғасатынын қуаттап:
«Түркиямен қарым- қатынасты қалпына келтіру келісімшарты Түркия арқылы Израильден Еуропаға газ экспорттауға мүмкіндік тудырады. Осы келісімшарт Түркияны Израильге органдарға қосылуға және халықаралық кеңселерде, соның ішінде НАТО-да бюроларын ашуға көмектесуге міндеттейді» деді.
2010 жылы Израильдің әскери күштері Газа халқына гуманитарлық көмектерді тиеген «Мави Мармаре» кемесіне шабуыл жасап, адам құқығы бойынша 70 белсендінің, соның ішінде 9 түрік азаматының өлімі мен жаралануына соқтырған оқиғадан кейін Анкара мен Тель-Авивтің дипломатиялық байланыстары үзілген болатын.