Маусым 30, 2016 14:35 Asia/Almaty
  • Әл- Абади: Түркияның Мосулге кез- келген араласуы үлкен соғысқа ұластырады

Ирактың үкімет басшысы Түркияның Мосулге кез- келген араласу әрекетінің үлкен соғысқа соқтыратынын айтты.

«al-Summariya News» ақпарат торабының хабарлауынша, Хайдер әл- Абади сәрсенбі күні спутниктік каналдардың бірнеше ақпарат белсендісімен өткізген отырыста елінің Түркияның Мосулдегі мақсаттарына алаңдаушылығын шынайы деп атап: "Түркия кез- келген күш аттандыру немесе Мосулде құзыр тебу сынды қандай да болмасын араласушылық танытса ДАИШ- ке қарсы соғыстан басқа үлкен соғыс басталады" деп ескертіп, сөзінің жалғасында: "Түркияның көрші елдерге қатысты саясаты ескерту жасайтындай қиыншылық тудырудың шегіне жетіп отыр" деді.

Тегтер