Лариджани: Лаңкестік мұсылмандардың қауіпсіздігіне қатер төндіруде
Иран ислам кеңесі мәжілісінің төрағасы тәкфирлік лаңкестіктің мұсылмандардың қауіпсіздігіне қатер төндіріп отырғанын қуаттады.
ИРНА-ның хабарлауынша, Иран ислам кеңесі мәжілісінің төрағасы Әли Лариджани сәрсенбі күнгі жолдауында Түркия парламентінің төрағасы Исмаил Қаһарманға Түркияның Ыстамбұл халықаралық әуежайындағы лаңкестік шабуылда Түркияның бірнеше азаматы мен шетел азаматтарының қаза табуына байланысты көңіл айтып, тәкфирлік лаңкестіктің мұсылман халықтарының қауіпсіздігіне қатер төндіріп отырғанын қуаттады.
Лариджани лаңкестердің Ыстамбұл әуежайында қорғансыз халыққа шабуыл жасауын айыптаумен қоса, лаңкестікпен күрестің аймақ пен әлем деңгейінде, әсіресе қауіпсіздік, саяси және мәдени тұрғыдан жан-жақты шара қолдануына байланысты екендігін баса айтты.
Ислам кеңесі мәжілісінің төрағасы сондай- ақ өзінің жолдауында лаңкестік сұм құбылысының аймақта артуы мен өрістеуін сионистік режим мен әлемдік үстемшіл алпауыттардың Палестинаның жерлерін басып алуын тұрақтандыру, Палестинаның мазлұм халқының құқығын аяққа таптау және ислам әлемін әлсірету саясатынан туындап отырғанын, алайда сионизмнің көзі жойылатын уақыттың жақын қалғанын мәлімдеді.