ХАМАС-тың ұшқышсыз ұшағы осымен екінші рет Газаның солтүстігінде ұшты
Ақп 18, 2016 22:51 Asia/Almaty
Сионистік режим Палестина исламдық қарсыласу қозғалысы ХАМАС-тың ұшқышсыз ұшағының осымен екінші рет Газаның солтүстігінде ұшқанын хабарлады.
ХАМАС қозғалысы осымен екінші рет өзінің ұшқышсыз ұшақтарын Газа секторының шекаралық аймағында Изер және Нирғам қалашықтарының аралығында көкке ұшырды.
ХАМАС-тың ұшқышсыз ұшақтарының Газа секторының шекаралық аймақтарында самғауы сионистердің арасында үрей- қорқыныш тудырып отыр. Сионистік режимнің армиясы ХАМАС-тың ұшқышсыз ұшақтарын байқаған соң оларды анықтап, құлату үшін өз күштерін толық дайындық жағдайға келтірді.
Тегтер