Шіл 03, 2016 14:30 Asia/Almaty
  • Ирак астанасындағы жарылыстарда кемінде 34 адам қаза болып,  57 адам жарақат алды

Ирак астанасында орын алған жарылыстардың салдарынан кемінде 34 адам қаза болып, 57 адам жарақат алды.

«Спутник» ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, сенбі күні кешке Бағдаттың орталығындағы әл-Караде аймағындағы Абдуррасул діни мекеніне жақын жердегі көлік жарылысының салдарынан 28 адам қаза болып, 45 адам жарақат алды.

Иран Ішкі істер министрлігінің баспасөз хатшысы Саад Маан: «Сенбі аяқталып, көлік қарым-қатынасы көбейетін уақытта орын алған бұл жарылыс сауда мекендері, тұрғын үйлер мен тұрғындардың көліктеріне көптеген шығын келтірді»,- деп мәлімдеді.

Бағдаттың солтүстігіндегі әш-Шааб аймағындағы Шалал базарына жақын жердегі келесі жарылыста кемінде 6 адам қаза болып, 12 адам жарақат алды.

Бағдаттағы жарылыстардың жауапкершілігін ДАИШ лаңкестік тобы өз мойнына алды.

 

Тегтер