Шіл 03, 2016 22:15 Asia/Almaty
  • Иранның Сыртқы Істер Министрлігі Бағдадтағы лаңкестік шабуылдарды айыптады

Иран Сыртқы Істер Министрлігінің ақпарат хатшысы Бағдадта жарылыстар ұйымдастырғандардың әрекетін айыптап, Ирак үкіметі мен халқының және осы лаңкестік шабуылда құрбан болғандардың отбасыларының қайғысына ортақтастық білдірді.

Иран Сыртқы Істер Министрлігінің ақпараттық дипломатия бас басқармасының хабарлауынша, Иран Сыртқы Істер Министрлігінің ақпарат хатшысы Бахрам Ғасеми жексенбі күні: «Фаллуджаның азат етілуі және ДАИШ лаңкестік тобының үсті-үстіне шайқас майданында жеңіліске ұшырауы осы топ пен оның демеушілерін бұрынғыдан көбірек үмітсіздікке бой алдырып, бейкүнә халықты жаппай өлтіруге итермелеп отыр.

Лаңкестерді толығымен жеңгенге дейін Иран ислам республикасы Ирак үкіметі мен халқының жанында болады» деп қуаттады.

Сенбі күні кешке Бағдадтың орталығындағы әл- Караде аймағындағы «Абдуррәсул» хосейниесінің маңында бомба орнатылған бір көлік жарылды. Екінші жарылыс Ирактың астанасы Бағдад қаласының солтүстігіндегі «әш- Шааб» аймағындағы «Шалал» базарының маңында орын алып, 86 адам қаза болып, 200 кісі жараланды.

Тегтер