Ирактағы биылғы бейберекеттіктерде 7 мың адам қаза болды
(last modified Mon, 04 Jul 2016 15:48:27 GMT )
Шіл 04, 2016 21:48 Asia/Almaty
  • Ирактағы биылғы бейберекеттіктерде 7 мың адам қаза болды

Соңғы алты айда Ирактағы бейберекеттіктерде 7 мыңнан астам адам қаза болды.

Ирактық «alsumaria news» торабының мәлімдеуінше, Ирактағы мазасыздықтар мен қатыгездіктер барысында өткен алты айда 7128 адам қаза болған. Қаза болғандардың ең жоғары көрсеткіші қаңтар айындағы 1407 адам және мамыр айындағы 1261 адамға тиесілі.

Осы көрсеткіштің ішіндегі 201 ирактық әскери емес азаматты ДАИШ тәкфирлік тобы өлтірген.

Жексенбі күні Бағдадтың орталығындағы Караде аймағы мен осы қаланың солтүстігінде орналасқан әш-Шағб аймағында орын алған лаңкестік жарылыстардан кем дегенде 213 адам қаза болып, 200- ден астам кісі жараланды. Бұл сан кешеден бері артып келеді.

Ирак 2014 жылдың маусым айынан бері ДАИШ лаңкестік тәкфирлік тобы шабуылдарының нысанасына айналды. Соңғы айларда Ирак армиясы мен халықтық күштері осы лаңкестік топқа қарсы шайқаста көзге түсерліктей жетістіктерге қол жеткізіп, көптеген стратегиялық аймақтарды ДАИШ-тің басқыншылығынан азат етті.

 

Тегтер