Иран мәжілісінің төрағасы лаңкестердің Сирияға кіруінің алдын алуды қуаттады
(last modified Tue, 05 Jul 2016 16:25:24 GMT )
Шіл 05, 2016 22:25 Asia/Almaty
  • Иран мәжілісінің төрағасы лаңкестердің Сирияға кіруінің алдын алуды қуаттады

Иран ислам кеңесі мәжілісінің төрағасы лаңкестердің Сирияға кіруіне тосқауыл қою үшін шынайы шара қолданудың қажеттігін қуаттады.

Иран Телерадио ұйымы ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иран ислам кеңесі мәжілісінің төрағасы Әли Лариджани Теһрандағы Сирия елшісі Аднан Махмудты қабылдауында тәкфирлік лаңкестік топтардың Сирияға кіруін тоқтату үшін шынайы шара қолданудың қажеттігін және оларға қару- жарақ көмегін жеткізудің алдын алуды қуаттады.

Лариджани Сирия мен аймақта лаңкестікті демеуші елдерді өздерінің бұрынғы қателіктерін түзетуге және лаңкестікті қолдау жөніндегі сәтсіздікке ұшыраған саясатын қайтадан қаруға шақырды.

Иран мәжілісінің төрағасы тәкфирлік лаңкестікпен соғыстағы Иранның стратегиясын Сирия үкіметі мен халқына қолдау көрсетуді жалғастыру және осы елдің дағдарысын бөгделердің кез-келген араласуынсыз «сириялық-сириялық» сұхбаттасулар арқылы саяси жолмен шешу деп атады.

Теһрандағы Сирия елшісі Аднан Махмуд та осы кездесуде Иран мәжілісінің тәкфирлік лаңкестікпен соғыста Сирияны қолдаудағы рөліне алғыс айтып: «Сирия мен Иран қайраткерлері стратегиялық байланысты күшейтуге бекем бел буып отыр» деді.