ДАИШ Ирактың Мосул қаласынан қашып жатыр
ДАИШ тобының кейбір жетекшілері Ирактың солтүстігіндегі Мосул қаласынан жасырын түрде қашып кеткен.
Иран Телерадио ұйымы ақпарат агенттігінің жексенбі күнгі хабарлауынша, Ирак армиясының дағдарыс бөлмесінің ақпарат тарату бюросының ақпарат хатшысы Мұхаммад әл- Бейзани ДАИШ тобының кейбір жетекшілері Сирияға қашып кету үшін Мосулдегі өз үйінің жиһаздарын жасырын түрде сатып жатқанын хабарлап:
«Мосулден оңтүстікке қарай 67 шақырым жердегі «әл- Ғияра» әуе базасының азат етілуі ДАИШ- ті алаңдатып отыр, өйткені «әл- Ғияра» базасының азат етілуімен ДАИШ шынайы жеңіліске ұшырады.
Мосулдегі ДАИШ мүшелері «әл- Ғияра» базасынан қашып кеткен өз үзеңгілестерінің барлығын құрықтады» деді.
«Alalam» хабар арнасының Ирактан мәлімдеуі бойынша, Бағдадтың «әл-Караде» аймағының тұрғындары осы аймақта соңғы кезде лаңкестік жарылыс болған мекенге жиналып, Сауд Арабиясының Ирактағы лаңкестерге қолдау көрсетуі мен Саудия елшісінің араласушылық шараларына наразылық танытты.
Ирактықтар ұрандар айтып, Ирактағы Саудия елшісі Тамер әл- Сабһанның Ирактан кетуін талап етті.