Шамхани: Иранның Ирак пен Сирияға кеңесшілік тұрғыдан көмегі жалғасуда
(last modified Sun, 10 Jul 2016 16:16:50 GMT )
Шіл 10, 2016 22:16 Asia/Almaty
  • Шамхани: Иранның Ирак пен Сирияға кеңесшілік тұрғыдан көмегі жалғасуда

Иран ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Иран ислам республикасының Ирак пен Сирия үкіметтеріне кеңесшілік тұрғыдан ынтымақтастығы мен көмек жеткізуін лаңкестік топтардың қаупі толығымен сейілгенше жалғастыратынын мәлімдеді.

Иранның ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Әли Шамхани жексенбі күні Теһранда Ирак исламдық жоғары мәжілісінің төрағасы сейіт Амар Хакимді қабылдауында Фаллуджа қаласын Ирак армиясы мен халықтық күштерінің ынтымақтастығымен лаңкестік топтардан тазартып, азат етудегі маңызды жетістігімен құттықтап: «Ішкі бірлік бағыты және жергілікті мүмкіндіктерді пайдалану лаңкестікпен күрес үдерісін, әсіресе Мосулді азат етуді жалғастыру үшін иек артуға болатын табысты тәжірибе болады.

АҚШ пен оның кейбір демеушілері Ирак пен Сирияда лаңкестікке тосқауыл қою үшін 7 жылдық бағдарлама жобасымен өздерінің аймақтағы құзыры мен тұрақсыз шараларын ақтауды көздегенде Ирак халқы мен қауіпсіздік күштері жергілікті мүмкіндіктерге иек артумен ДАИШ- тің толығымен көзін жоюға болатындығын көрсетті» деді.

Иран ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесі хатшылығының мәлімдеуінше, Ирак исламдық жоғары мәжілісінің төрағасы сейіт Амар Хаким де Ирактағы соңғы өзгерістер мен саяси үдерістер және майдандық шаралар туралы есеп ұсынып, Иран ислам республикасының ДАИШ-пен соғыста Иракты қолдау ұстанымына алғыс айтқан.

Тегтер