Газа әлемде қатерлі ісік бойынша ең жоғары статистикаға ие
https://itolqyn.com/news/west_asia-i11002-Газа_әлемде_қатерлі_ісік_бойынша_ең_жоғары_статистикаға_ие
Палестиналық тәуелсіз тұлғалар қоғамының медициналық комитеті Газаның әлемде қатерлі ісік жағынан ең жоғары статистикаға ие екендігін хабарлады.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Шіл 11, 2016 22:43 Asia/Almaty
  • Газа әлемде қатерлі ісік бойынша ең жоғары статистикаға ие

Палестиналық тәуелсіз тұлғалар қоғамының медициналық комитеті Газаның әлемде қатерлі ісік жағынан ең жоғары статистикаға ие екендігін хабарлады.

Палестиналық тәуелсіз тұлғалар қоғамының медициналық комитеті өз мәліметінде Газа секторының әлемде қатерлі ісік бойынша ең жоғары статистикаға ие екендігін хабарлап: «Осы аймаққа шабуыл жасау кезінде сионистік режим тарапынан қолданылған жаппай қырып-жоятын қарулар аталмыш аурудың Газада кеңінен таралуының негізгі себебі» деді.

Палестинаның Денсаулық сақтау министрлігі Газа секторында қатерлі ісікке шалдыққан 15 мың адамның бар екендігін айтып, палестиналықтардың осы ауруға шалдығуының негізгі себебін 51 күндік соғыс барысында Газаның шығыс аймақтарында сионистік армия тарапынан қолданылған химиялық газдардан улану деп атады.

Сионистік режимнің армиясы 2014 жылы Газа секторына 50 күн жасаған шабуылдарында 2300- ден астам палестиналықты шәһид етіп, мыңдаған адамға зақым келтірді.