Сауд Арабиясы Палестина қарсыласу қозғалысына қарсы астыртын әрекет жасауда
Палестинаның «Ахрар» қозғалысы Саудия ханзадасының Палестинаның қарсыласу қозғалысына қарсы уәждерін айыптады.
Палестинаның «Ахрар» қозғалысы Саудия режимінің қауіпсіздік аппаратының бұрынғы басшысы Торки әл- Фейсалдің қарсыласу қозғалыстарына қарсы айыптауларын аймақта текетірес пен бүліктің шығуына себеп болады деп атап: «Саудиялықтардың тұрғылары олардың сионистік жаудың мақсаттары жүзеге асуы бағытында талпыныс жасап жатқанын көрсетеді. Олардың қарсыласуға, ислам мен Палестина халқына деген кекшілдігін дәлелдейді» деп мәлімдеді. Палестинаның «Ахрар» қозғалысы Палестина халқының сионистер тарапынан басқыншылық пен қоршауға қарсы қарсыласуына сілтеме жасап: «Саудиялықтардың тұрғылары қарсыласу ағымына арттан қанжар салып, халықтың қанын төгуге және Палестинаның қайсар халқының хақысында көбірек қылмыс жасауға Израильге көмектесу іспеттес» деді.
Палестина исламдық жиһад қозғалысы да Торки әл- Фейсалдің қарсыласуға қарсы айыптауларын қабылдауға келмейді деп санап, осы жалған мәлімдемелерді сионистік режимнің мүддесі мен жобаларына қызмет ету бағытында айтылған деп мәлімдеді.
Сауд Арабиясы Барлау ұйымының бұрынғы басшысы Торки Фейсал сенбі күні Парижде «Мұнафықтар» лаңкестік тобының жиынында «Иран ислам республикасы аймақта бейбастақтықты өрістету мақсатында ХАМАС пен Палестина исламдық жиһад қозғалыстарына қолдау көрсетуде» деген уәж айтты.