Рафсанджани лаңкестікпен күресте Ирак ғұламаларының белсенді рөл атқаруы қажеттігін қуаттады
ИИР Жүйе мүддесін анықтау алқасының төрағасы Ирак ғұламаларының лаңкестікпен күрестегі рөлін өте маңызды әрі әсерлі деп атады.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, ИИР Жүйе мүддесін анықтау алқасының төрағасы Акбар Хашеми Рафсанджани дүйсенбі күні Теһранда Ирак исламдық жоғары мәжілісінің төрағасы Амар Хакиммен кездесуінде Фаллуджаның азат етілуімен құттықтап: «ДАИШ лаңкестерінің Фаллуджадан айырылғаннан кейін жасаған соққысы жеңілісті сезгеннен орын алды»,-деді.
Аятолла Рафсанджани Ирактың әртүрлі қалалары, тіпті аймақ елдерінде шашырай орналасқан лаңкестердің келешек бағдарламаларына тоқталып: «Ирак пен аймақтың ғұламаларының лаңкестердің ессіз әрекеттерімен күресу үшін нақты бағдарламасы болуы керек»,-деп баса айтты.
Ирак исламдық жоғары мәжілісінің төрағасы сейіт Амар Хаким де осы кездесуде Фаллуджа қаласындағы тұрғындардың құрамы мен лаңкестердің оны сақтап қалу жоспарына тоқталып: «Бұл қаланың азат етілуі Бағдад халқының қауіпсіздігін арттырып, көңілін тыныштандырады, өйткені лаңкестердің 80 пайыз әрекеттері Фаллуджа қаласынан басқарылды. Лаңкестер Кербалаға әуеден және құрлық арқылы жақындай түсуіне байланысты ауыр соққы көріп, қашуға мәжбүр болды, қалғандары Мосулға кетті»,-деді.