Адам құқығын қорғаушы топтар Набил Раджапты азат етуді талап етті
(last modified Tue, 12 Jul 2016 15:55:29 GMT )
Шіл 12, 2016 21:55 Asia/Almaty
  • Адам құқығын қорғаушы топтар Набил Раджапты азат етуді талап етті

Адам құқығын қорғаушы топтар Бахрейндегі адам құқығы саласының белсенді азаматын азат етуді талап етті

«Reuters» ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, халықаралық және бахрейндік адам құқығын қорғаушы 26 топ сейсенбі күнгі мәлімдемеде бахрейндік адам құқығы саласының белсенді азаматы Набил Раджапты азат етуді талап етті. Ол кісі өзінің «Twitter» желісіндегі парақшасында Халифе әулеті режиміне қарсы тақырыптарды жариялады деген айыппен сотталғалы жатыр.

Адам құқығын қорғаушы топтар Бахрейн режимін сөз бостандығына берік болуға шақырып, БҰҰ- ның басшылары мен адам құқығы белсенділерінің Набил Раджапты дереу азат ету негізіндегі талаптарын қайталады.

Набил Раджаптың ісі оның «Twitter» желісінде Бахрейннің қауіпсіздік күштерін құрықталғандарды азаптау және Халифе әулеті режимін йемендік бейбіт азаматтарды жаппай өлтіруде Сауд Арабиясымен ынтымақтастық жасап, сыбайлас болып отыр деп айыптауына қатысты болып отыр.