Иран ислам республикасы лаңкестікпен күресте мықты ерік-жігерге ие
Иран ислам кеңесі мәжілісінің төрағасы Иран ислам республикасының лаңкестікпен күресті жалғастыруда мықты ерік-жігерге ие екендігін мәлімдеді.
«Мәжіліс» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иран ислам кеңесі мәжілісінің төрағасы Әли Лариджани дүйсенбі күні Теһранда Ирак исламдық жоғары мәжілісінің төрағасы сейіт Амар Хакимді қабылдауында Ирак үкіметі, халқы және армиясының лаңкестікпен күрестегі таяудағы жетістіктеріне ризалық білдіріп, толық қауіпсіздік орнатылғанша осы елдегі этникалық, діни және саяси топтардың бірлігін нығайтуға мүдделік танытты.
Ирак исламдық жоғары мәжілісінің төрағасы да Иран ислам республикасының Ирак үкіметі мен халқына қолдау көрсетуіне алғыс айтып, осы елдің қазіргі ахуалы мен жауынгерлердің лаңкестерге қарсы жеңістері туралы есеп ұсынды.
Хаким сондай- ақ Ирактың болашағын лаңкестерді толығымен жеңген соң үміт ұялатушы деп бағалап: «Қазір Ирактың барлық бөлімдері шиіттер, сүнниттер және күрдтер өмірде қауіпсіздік орнап, ілгерілеу үшін Ирак шеңберінде ынтымақтастық пен серіктестіктен өзге жол жоқ деген нәтижеге жетті» деді.