Лаңкестер Сирияның Халеб қаласына шабуыл жасады
https://itolqyn.com/news/west_asia-i11101-Лаңкестер_Сирияның_Халеб_қаласына_шабуыл_жасады
Лаңкестердің Сирияның солтүстігінде орналасқан Халеб қаласына жасаған шабуылдары бірнеше әскери емес азаматтың, соның ішінде бірнеше баланың өлімі мен жаралануына соқтырды.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Шіл 13, 2016 21:56 Asia/Almaty
  • Лаңкестер Сирияның Халеб қаласына шабуыл жасады

Лаңкестердің Сирияның солтүстігінде орналасқан Халеб қаласына жасаған шабуылдары бірнеше әскери емес азаматтың, соның ішінде бірнеше баланың өлімі мен жаралануына соқтырды.

«Ән- Носрат майданы» және «Ахрар әш- Шам» топтарына қарасты лаңкестердің сейсенбі күні Сирияның Халеб қаласының тұрғын аймақтарына жасаған зымырандық шабуылдарынан бір адам қаза болып, 20- дан астам кісі, соның ішінде бірқатар бала жараланды. Кейбір жаралы жандардың жағдайы мүшкіл деп хабарлануда.

Сирия армиясының әуе күші де ДАИШ лаңкестерінің базасы мен Дамасктің шығысы маңындағы жабдықтарын жойды. Осы амалдар барысында бірнеше лаңкес жер жастанды.